«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын Комитет отырысында қарастырды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Сіздердің қарауларыңызға ұсынылады.
Қарастырылып отырған Келісім Өзбекстан Республикасымен 1997 жылғы жасалған ескі Келісімді өзектендіруге және өзбек тарапымен экология және қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.
Жаңа Келісімнің 1997 жылғы келісімге қарағанда айырмашылығы – бірнеше жаңа бағыттар қарастырылған. Атап айтқанда, Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды мемлекеттік бақылау, климаттың өзгеруіне бейімделу, қоныс аударатын жануарларды түрлерін қорғау.
Жоғарыда айтылған бағыттар бойынша жұмыс осы аталған Келісімге сәйкес құрылатын Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екіжақты Комиссия шеңберінде жүргізілетінін атап өтемін.
Заңды мақұлдау теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Осыған байланысты, құрметті әріптестер, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Заңды қолдауды және ескертулер мен ұсыныстарсыз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.