«Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялау туралы» заңы Комитет отырысында қаралды
«Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялау туралы» (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасы Заңын қарастыру Сіздердің назарларыңызға ұсынылады.
2022 жылғы 12-17 маусым аралығында Швейцариядағы Женева қаласында өткен Дүниежүзілік сауда ұйымының он екінші министрлер конференциясы барысында аталған ұйымның мүшелері Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттама қабылдаған болатын.
Бұл Келісім теңіздегі балық аулауды және онымен байланысты теңіз қызметін қамтитын алғашқы көпжақты сауда келісімі болып табылады. Келісімде заңсыз, хабарландырылмайтын, реттелмейтін балық аулауды, сондай-ақ балықты мөлшерден тыс аулауға субсидиялар беруге тыйым салатын ережелер қамтылған.
Осы Келісімді Қазақстанмен ратификациялауда балық ресурстарын мөлшерден тыс аулауды ықтимал субсидиялау түрін одан әрі мемлекеттік қолдау шараларын көздеуді болдырмайды, сондай-ақ биологиялық ресурстарды сақтауды, ұтымды және орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді деп жоспарлануда.
Бұл келісімді қабылдау Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті талап болып табылады.
Хаттаманы ратификациялау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Осыған байланысты, құрметті әріптестер, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Заңды қолдауды және ескертулер мен ұсыныстарсыз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.