«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын Комитет отырысында қарастырды
«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы 2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған жеңілдетілген кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасы Заңын қарастыру Сіздердің назарларыңызға ұсынылады.
Келісімнің бастамашысы штаб-пәтері Түркия Республикасы Стамбул қаласында орналасқан Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып табылады.
Келісім Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды.
Жобаның міндеттері:
- Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету;
- кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттар санын қысқарту;
- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде кедендік бақылау нысандары мен әдістерін қолдануды барынша азайту болып табылады.
Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың кеден органдары осы құжатты іске асыру үшін алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ осы Келісім бойынша техникалық шарттар Қазақстан Республикасы 6 ай ішінде қол қойғаннан кейін әзірленеді және бекітіледі және пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі, ол аяқталғаннан кейін Тараптардың кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайды.
Келісімнің 1-бабына сәйкес сауда операторлары – жеңілдетілген кеден дәлізіне қатысатын және Келісімнің ережелеріне сәйкес кедендік рәсімдерді аяқтайтын тауарлар мен көлік құралдары туралы анық ақпарат беретін тұлғалар.
Бұл ретте сауда операторларына қатысты жеңілдетілген кедендік формальдылықтар мүмкіндігінше бір жерде қолданылатын болады.
Жалпы, Келісім жобасы Тараптар арасындағы кедендік рәсімдерді оңайлатуға және оңтайландыруға бағытталған.
Хаттаманы ратификациялау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Осыған байланысты, құрметті әріптестер, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Заңды қолдауды және ескертулер мен ұсыныстарсыз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.