Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы Комитет отырысында 0аралды

09.04.2024 142

Жоғарыда аталған келісімге 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылды және 2014 жылғы шілдеде келісім шарттары мен Тараптардың уағдаластықтарына сәйкес ратификацияланды.

Осы Келісімнің қолданылу мерзімі-2024 жылғы 1 қаңтарға дейін.

2017 жылы Тараптар транзитті жылына 7 млн. тоннадан жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Осыған байланысты Тараптар Келісімді 2024 жылдан 2033 жылға дейін ұзартуға өзара мүдделілік білдірді және 2013 жылы қол қойылған Келісімге өзгерістер енгізу бойынша тиісті келіссөздерге кірісті.

2014 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Ресей мұнайының ҚР аумағы арқылы ҚХР-ға жалпы транзиті 90.899.271 тоннаны құрады. Жалпы түсім 1.327.000.000 (бір миллиард үш жүз жиырма жеті миллион) АҚШ долларын немесе 501.981.476.065 теңгені құрады.

Ресей тарапы Роснефть 10 жылдық кезеңге 100 млн. тонна жеткізу туралы СПНС-пен келісімін ұзартқаны және қол қойғаны туралы хабарлады.

Келіссөздердің қорытындысы 2023 жылғы 16 маусымда Санкт-Петербург қаласында Келісімге өзгерістер енгізу туралы қол қойылған хаттама (бұдан әрі – хаттама) болды.

Хаттамада транзит көлемі, тарифтер және мұнай транзиті үшін есеп айырысу бойынша өзектендіру, сондай-ақ Келісімді он жылдық кезеңге ұзарту көзделеді.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында ТОН-2 маршрутының учаскесін келісімге енгізу және $2,1/тонна тарифін белгілеу ұсынылды.

Жоғарыда аталған барлық өзара ұсыныстар Тараптар арасында келісілді.

Келісімді ұзарту ПМХЗ-н Омбы-Павлодар мұнай құбыры арқылы ҚР-ға түсетін мұнаймен жүктеуді қамтамасыз етеді. Ешқандай тәуекелдер жоқ.

2024 жылдан 2033 жылға дейінгі кезеңде ҚР аумағы арқылы ҚХР-ға Ресей мұнайының транзиті үшін екі учаске бойынша күтілетін түсім 1.710.000.000 (бір миллиард жеті жүз он миллион) АҚШ долларын құрайды.

 

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы ҚХР-ға сапары және "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау шеңберінде жүргізілуде.

Бұдан басқа, РФ және ҚХР ҚР-ның басты стратегиялық серіктестері болып табылады.

Келісімнің шарттары бойынша Хаттама ратификациялауға жатады, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау талап етілмейді.

Жоба СІМ, ӘМ, СИМ, ҰЭМ, ҰБ және қайта ұйымдастырылған ИИДМ-мен келісілді.

Сондай-ақ, хаттамаға қол қойылған күннен бастап құжатты уақытша қолдану туралы шарт енгізілген.

Мұндай қолдану мұнайды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге, тасымалдау кестелерін уақтылы бекітуге, маршруттық тапсырмаларды шығаруға және хаттама жобасында айтылған тарифтер бойынша қызметтер үшін төлемдерді уақтылы шығаруды қамтамасыз етуге және тиісінше "ҚазТрансОйл" АҚ салық төлемдерін сақтау есебінен бюджет түсімдерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Хаттаманы ратификациялау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, сондықтан Заңды қолдауды сұраймын.

Бөлісу