Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламенттің бірлескен отырысындағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша қолдау сөзі

14.06.2024 136

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеудің мақсаты тиісті заңнамалық тетіктерді әзірлеу жолымен сот жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Соңғы жылдары елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан сот реформалары құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуге, сот арқылы қорғалу құқығын іске асырудың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге және сот төрелігін іске асыру сапасын арттыруға бағытталған.

Құзыретті, тәуелсіз және бейтарап сот арқылы істің әділ және ашық қаралу құқығы кез келген құқықтық және демократиялық мемлекеттің негізі болып табылады.

Қарастырылып отырған заңнамалық өзгерістер сот жүйесі кадрларының сапасын арттыруға және олардың кәсібилігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп есептейміз.

 

Құрметті әріптестер!

 

Конституциялық заң жобасын қабылдау Мемлекет Басшысы  Жолдауларының шеңберінде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыруға және қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салаларда одан әрі үдемелі дамуына зор үлесін қосады деп сенеміз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарауға ұсынылып отырған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Бөлісу