Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған бірқатар заңды қарап, өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

26.12.2024 142

Сіздердің назарларыңызға Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыруға және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы осы нормативтік қаулыда анықталған құқықтық ұстанымдарға сәйкес келтіруге, сондай-ақ құқық қорғау, әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар жүйесіндегі кадр мәселелерін реттеу бөлігінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылады.

       Атап айтсақ, Заң мынадай негізгі ережелер мен новеллаларды қамтиды:

       - құқық қорғау қызметінде цифрлық рейтинг (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші) енгізіледі. Құқық қорғау қызметіне кандидаттың цифрлық рейтингі қызметкерлерді іріктеу және құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарға ұсыну кезінде ескерілетін болады;

       - «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңынан құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резерві, құқық қорғау органының кадрлық резерві туралы, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін бағалау туралы нормалар алынып тасталады. Аталған институттарды жою Мемлекет басшысының Президенттік және кадрлық резервтерді басшылық лауазымдарға кандидаттардың цифрлық рейтингісіне ауыстыру туралы тапсырмасымен негізделеді;

- қолданыстағы заң бойынша жоспарлы негізде
5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын құқық қорғау органында басшы лауазымды атқаратын қызметкерлерді ротациялау мерзімі 3 жылда 1
рет өткізу мерзіміне өзгертіледі;

- қызметкерді құқық қорғау органдарында жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау және полиграфологиялық зерттеу енгізіледі;

- құқық қорғау органының қызметкерін аттестаттаудың міндетті кезеңі ретінде психологиялық-әлеуметтік зерттеу жүргізу қосылады;

- құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау кезеңі ретінде полиграфологиялық зерттеу енгізіледі, ол құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша жүргізілетін болады;

- мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдау кезіндегі шектеулердің негіздері мен мерзімдері айқындалып, сондай-ақ мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері нақтыланып, тұтастай алғанда оларды құқықтық реттеу тетіктері жетілдіріледі;

- келісімшарттық қызметшіні мемлекеттік органдарға тартуға мүмкүндік бермейтін негіздер тізімі жаңа негіздермен толықтырылады;

- кәсіптік жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешімнің негізінде өкілеттігін тоқтатқан судьяларға қандай да бір уақытша шектеусіз мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек бостандығына конституциялық құқықты іске асырудың құқықтық тетігі белгіленеді.

Тұтастай алғанда Заңның қабылдануы:

- әділдік, пропорционалдылық және өлшемдестік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметке кіруді шектеу мерзімдерін айқындауға;

- құқық қорғау органдарында кадрлық үрдістерді цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуге, олардағы басшылық лауазымдарды ротациялаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Заң жұмыс тобының отырыстарында, комитеттің кеңейтілген отырысында заң бастамашысы өкілдерінің, Сенаттың тұрақты комитеттері депутаттарының, мүдделі мемлекеттік органдардың, Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен қаралып, талқыланды.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

 

Құрметті әріптестер!

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады.

 

Қолдауларыңызды сұраймын. Назарларыңызға рақмет.

Бөлісу