Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Н. Бекназаров, А. Капбарова және М. Қадырбектің М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесуі

09.07.2025 145

Сенат Парламентінің депутаттары Н. Бекназаров, А. Капбарова және М. Қадырбек М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамымен кеңейтілген кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастармен ашық диалог орнату, Сенаттың қызметі туралы ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қабылданған заңнамалық бастамаларды түсіндіру болды.

Кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, ауқымды әлеуметтік және экономикалық реформалар, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заңдарды қабылдау бойынша Сенаттың жұмысы туралы кеңінен әңгімеледі.

Әсіресе жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды: сапалы білім алуға жағдай жасау, заманауи білім беру стандарттарын енгізу, сұранысқа ие мамандықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру.

Депутаттар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылар және студенттермен пікір алмасты, оқу үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және болашақ мамандарды даярлаудың сапасын атап өтті.

Сенаторлар ел Президенті жастардың дамуына, кәсіби және жеке өсуіне жаңа мүмкіндіктер беруге басымдық беретінін ерекше атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы мен дамуы, оның құқықтық мемлекетті нығайтудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Жиын аясында Конституциялық Сот судьясы, Бас прокуратура және Республикалық заң кеңесшілері палатасының өкілдері сөз сөйлеп, Ата Заңның тарихи қалыптасу кезеңдері, елдің тұрақтылығы мен ілгері дамуы үшін маңызы, сондай-ақ конституциялық заңнамадағы қазіргі үрдістер туралы кеңінен баяндады.

Талқылау барысында студенттер Конституцияның қызмет етуіне, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктеріне, сот реформасына және сот жүйесін дамытуға қатысты сұрақтарға үлкен қызығушылық танытты. Кездесуге қатысушылар өз сауалдарына толыққанды жауап алды, бұл жастардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруға, Ата Заңның маңыздылығын түсінуге және азаматтық қоғам құрудағы өз рөлін сезінуге ықпал етті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі кездесу Сенат өкілдері, құқық саласының сарапшылары мен жастар арасында ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды. Осындай шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін, Конституцияға құрметін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл әсіресе ел Конституциясының 30 жылдығы аясында өзекті болып отыр.

Бөлісу