Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта рақымшылық туралы заң талқыланды

18.06.2025 149

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң қаралды.

Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы біржолғы ізгілік шарасын өткізу болып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, рақымшылық 15 мыңнан астам сотталғанды қамтиды. Олардың ішінде 4,1 мың адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылады, ал 11 мыңнан астам сотталғанның негізгі жазасының мерзімі немесе көлемі қысқартылады.

Рақымшылық қылмыстық құқық бұзушылықтар мен азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін кіші және орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағандарға қолданылады. Сондай-ақ бұл шара әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен үлгілі тәртібімен ерекшеленген сотталғандарды қамтиды.

Заңда рақымшылықты қолданудың нақты тәртібі мен шарттары, сондай-ақ босатылған азаматтарды орналастыру, еңбекпен қамту, емдеу және әлеуметтік көмек көрсету бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың құзыреті айқындалған.

Сонымен қатар рақымшылық терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы (жекелеген жағдайларды қоспағанда) және заңда көрсетілген өзге де ауыр қылмыстарды жасағандарға қолданылмайды.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына шығару туралы шешім қабылдады.

Бөлісу