Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ДЕПУТАТТАР ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.07.2025 157

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев, М.Қадырбек және А.Сатвалдиев өңірдегі кезекті кездесулерін Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалғастырды. Аудан аймағындағы экономиканың негізгі тірегі саналатын бірқатар өндіріс ошақтарымен танысып жергілікті тұрғындармен жүздесулер өткізді.

Ең алдымен Мақталы ауылында орналасқан «FIRST FISH COMPANY» ЖШС-ның балық шаруашылығын дамыту бағытында қолға алған жұмыстарымен танысты. Жылына 800 тоннаға дейін бекіре, форель және сазан балықтарын өсіріп, нарыққа шығаруға қауқарлы кәсіпорын 2011 жылдан бері табысты жұмыс істеуде.

Сенат депутаттары сондай-ақ Азаттық ауылындағы сүт өңдеумен айналысатын «Майлыкент Сүт» ауылшаруашылық кооперативіне барып, оның жұмысын жоғары бағалады. Кооператив жылына 30 мың тоннаға жуық сүт өңдеп, 7 түрлі сұранысқа жоғары өнімді өңіріміздің түпкір-түпкіріне таратуда. Қазіргі таңда кәсіпорында 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту мақсатында 4 мың сауынды сиырға шақталған сүт фермасын ашуды көздеп отыр.

Келесі нысан ретінде Қараағашты ауылындағы «Ақсу-Жабағылы» оңалту-сауықтыру кешенінің кеңейту құрылысы таныстырылды. Жобаның құны — 2 млрд теңгені құрайды. Мұнда жаңа ғимарат іске қосылғаннан кейін жылына 250 адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, 200 адамға жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде. 

Өндіріс орындарындағы кездесулерде Сенаторлар өндірістік нысандардың өңір экономикасына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтіп, жұмыс орындарын көбейту мен инвестициялық жобаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, әр нысынның басында кәсіп иелерімен сұхбат құрып, тың идеяларын тыңдап, өзекті мәсеселерге құлақ асып, кәсіптерін өрлетуге қатысты білдірген өтініш-ұсыныстарына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Депутаттар қорытынды кездесулерін облыстық және аудан мәслихатының депутаттарымен өткізді. Кездесу барысында Мұрат Болатұлы Қадырбек сессия барысында қабылдаған Заңдарды кеңінен таныстырып өтті. Жалпы Сенат Парламентінің VІІІ-шақырылымның IIІ-cессия барысында 89 заңнамалық актіні қабылдады, оның 17-і қос Палатаның деупаттары бастамашылық еткен. Оның ішінде бүгінгі таңдағы қоғамда қордаланған маңызды мәсеселер қамтылған. Атап айтсақ, жаңа Су, Бюджет және Салық кодекстеріне, әлеуметтік салаға қатысты заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бар.

Өз кезедгінде мәслихат депутаттары аймақтағы өзекті мәселелерді Сенаторларға жеткізді. Сенаторлар кездесуде көтерілген мәселелерді құзыретті мемлекеттік органдармен талқылап, қолдау көрсету мақсатында тиісті шаралар қабылданатындығын атап өтті.

Бөлісу