Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

САЙРАМДА СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ.

11.07.2025 145

Сенат депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан  бірқатар кәсіпорындарға барды. Атап айтқанда, «Gen Group Kazakhstan», «КӨМЕШ БАЛЫҚ», «GLOBUS PLUS», «ЮКПЗТ» және «TAYIBA» кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты. Аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіпорын ұжымы депутаттармен кездесу барысында орта және жоғары білім, жол құрылысы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ауызсу салаларына қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Сенаторлар барлық ұсынысты мұқият тыңдап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, депутаттық сауал арқылы бақылауға алатындықтарын атап өтті.

Келесі кезекте сенаторлар облыс және аудан мәслихатының депутаттары, жергілікті атқарушы биліктің өкілдері және жергілікті тұрғындардың қатысуымен өңірдегі өзекті мәселелермен олардың шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша басқосу өткізді. Депутаттар кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сессиясы барысында қабылдаған Заңдарды кеңінен таныстырып өтті. Жергілікті депутаттар әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жер және су мәселелері бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сенаторлар айтылған ұсыныстарды алдағы Парламенттің сессиясы барысында қолдау көрсету мақсатында тиісті шаралар қабылданатындығын атап өтті.

Бөлісу