Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек Ордабасы ауданында жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру бойынша кездесулер өткізді
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында Коалиция өкілдерімен бірлесе отырып бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді.
Темірлан ауылында аудандық коммуналдық қызмет қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы республикалық референдумға дайындық мәселелері талқылау басты тақырыбы болды.
«Референдум – халықтың еркін көрсететін маңызды саяси қадам, азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге шақырамын. Жаңа Конституцияның жобасы қоғамдық дамудың заманауи талаптарына жауап береді, мемлекет пен азаматтардың өзара жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастырады», - деп атап өтті Мұрат Қадырбек.
Негізгі заң азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін конституциялық деңгейде бекітіп, жаңа қоғамдық қатынастарды, оның ішінде технологиялардың қарқынды дамуы мен жасанды интеллект дәуірі жағдайында реттеу үшін құқықтық негіз қалайтынына ерекше назар аударылған.
Кездесу ашық пікірлесу түрінде өтті. Ол тұрғындарға өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға, ұсыныс беруге және түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Диалог пікір алмасу алаңын және сындарлы бастамаларды қалыптастыруға ықпал етті.
Сенаторлар сондай-ақ Бадам елді мекеніндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесуге де қатысты. Әңгіме барысында ел дамуының стратегиялық векторлары, сондай-ақ жаңа Конституцияның білім және ғылым саласын қолдауға бағытталған ережелері талқыланды.
Әли Бектаев атап өткендей, Конституцияның кіріспесінде алғаш рет білім, ғылым және инновацияны дамыту туралы ережелер бекітілген.
«Конституцияның кіріспесінде білім, ғылым және инновация алғаш рет бекітілді. Негізгі заңның кіріспе бөлігі мемлекеттің стратегиялық бағдарларын, оның ұзақ мерзімді басымдықтары мен бүкіл құқықтық жүйенің семантикалық бағыттарын айқындайды. Білімге деген ұмтылыс, озық ғылымды дамыту және инновацияларға деген қозғалыс ұлттық құндылықтар ретінде бекітіліп, еліміз дамуының стратегиялық бағыты ретінде танылады. Бұл жай ғана декларация емес, жоғары құқықтық ұстаным», - деп атап өтті сенатор.
Жаңа Конституция жобасында адами капиталды, білім беруді және инновациялық экономиканы дамыту мемлекеттің тұрақты прогреске және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғаны атап өтілді.