Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламентаралық Одақтың 146-шы Ассамблеясының жұмысына қатыстым

15.03.2023 141

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Болгерт Парламентаралық Одақтың 146-шы Ассамблеясының жұмысына қатысты.

Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірге «Бейбіт қатар өмір сүруге және инклюзивті қоғамдарға жәрдемдесу: төзбеушілікке қарсы күрес» тақырыбы бойынша жалпы пікірталас өткізді. Евгений Больгерт өз сөзінде діни немесе этникалық, жынысы, әлеуметтік жағдайы өзге адамдарға төзбеушілік, кемсітушілік және зорлық-зомбылық мәселесі жылдар бойы әлемнің көптеген елдерінде өткір тұрғанын атап өтті.

«Діни және мәдени алуандылық қоғамға айтарлықтай оң әсер етуі мүмкін, бірақ сонымен бірге үлкен қақтығыстардың себебі болуы да ықтимал. 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан Қазақстан Республикасы көпмәдениетті қоғам жағдайында толеранттылықты ілгерілетудің бірегей тәжірибесін қалыптастырды», - деді сенатор.

Сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатері мен ормандар көміртегінің теріс теңгеріміне қол жеткізудегі парламенттің күш-жігері туралы мәселелерді талқылады.

Бөлісу