Сенат депутаттары Алматыда полиция қызметкерлерімен құқық тәртібін қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады
Сенат депутаттары Марат Қожаев пен Жанна Асанова Алматыдағы жедел басқару орталығының базасында полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті.. Кездесуде цифрлық шешімдерді енгізу, «102» желісіне келетін қоңыраулардың сапасын арттыру және қылмыстарды ашу үшін арнайы бағдарламалар туралы айтылды.
Бейнебақылау жүйесін орнату және полиция ғимараттарындағы көрінбейтін аймақтарды жою бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат берілді. Қазіргі уақытта жедел басқару орталығында 1 477 камера орнатылған. Кездесу қорытындысында бейнебақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.