Сенаторлар Хорватия Саборының депутаттарымен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Парламент Сенатының депутаттары Хорватия Саборының депутаттарымен екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында кездесті. Тараптар парламентаралық диалогты нығайту, халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық, сауда және инвестиция мәселелерін талқылады. Қазақстан Хорватияны Еуропалық Одақтағы маңызды әріптес ретінде қарастырып, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Кездесу барысында мәдени және гуманитарлық байланыстардың келешегі, әйелдер құқығын қорғау, жастар саясаты мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы реформалар да сөз болды. Тараптар диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.