Сенаторлар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде заңгерлік білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Сенат депутаттары, министрлік өкілдері және заңгерлер қауымдастығының сарапшылары қатысып, заңгерлер даярлау деңгейінің төмендігіне назар аударды. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және кәсіптік стандарттарды енгізу қажеттілігі атап өтілді.