ЖИ: құқық қорғау және сот жүйесіндегі технологияларды енгізу және қолдану мәселелері жөнінде Комитеттің отырысы өткізілді.
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Жасанды интеллект: оның технологияларын құқық қорғау және сот қызметіне енгізу және қолдану» тақырыбы бойынша отырыс өтті. Қатысушылар жиын барысында цифрландыру келешегін және жасанды интеллектің әділеттілік тұрғысында тиімділігін, ашықтығын және қолжетімділігін арттырудағы рөлін талқылады.