Сенатта әйелдер мен балалар құқықтарын қорғау туралы заңды іске асыру барысы талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша тақырыптық отырыс өткізді.