Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы өзара құқықтық көмек туралы заңдарды мақұлдады

02.04.2026 96

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда күн тәртібіне шығарылған заңдар қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.

     Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңды, сондай-ақ, оған ілеспе «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңдарды қарап, мақұлдады. Бұл шарттарды ратификациялау қылмыстық істерді тергеу кезінде кешенді түрде тиімді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді және екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығын нығайтады.

   «Қаралған шарттар Қазақстан мен Перу арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Шарттар екі елдің арасында өзара құқықтық көмек көрсетудің және сотталған адамдарды экстрадициялаудың тәртібін реттейді. Сондай-ақ тараптар аумағында жүрген күдікті адамдарды ұстап берудің рәсімдерін айқындайды.

   Палата отырысында сенаторлар Үкіметке өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады.

 

   Марат Қожаев айыппұлдар жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын бұзушыларға ешқандай тосқауыл болмай тұрғанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Сенатор бұл шара аталған жүргізушілерге көлікті ережесіз жүргізгені үшін төлейтін ақыға айналып бара жатқанын да атап өтті. Осы келеңсіз үрдісті және соның салдарынан болатын адам шығынын ескере отырып, депутат жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатындар мен көлікті мас күйінде жүргізетіндер үшін жауапкершілікті күшейту қажет екеніне тағы да баса назар аударды.

 

https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/15764

Бөлісу