Сенатта қылмыстық-атқару жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Парламентаризм институтымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесі: жай-күйі, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша отырыс өткізді. Кездесуге қатысушылар жазаларды орындау жүйесінің ағымдағы жай-күйін, заңнаманы жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ сотталғандарды түзету мен әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарады.
https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/15608