Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Встреча с жителями Ордабасинского района.

11.01.2018 0

                            Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті. Мақсат – мемлекет заңнамасының қалыптасу үдерісінде Парламент Сенатының атқарған жұмыстарынан есеп беру, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын жоспарлау.

                        Қазақстан осы жылдың қаңтарынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төраға боп сайланды. Еліміз кез келген мәселе бойынша баға бере алатын жағдайға жетті. Экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктеріміз тарих беттерінде қалды. Елбасының әрбір шешімі, Жолдауы нақты жүйелерден тұрады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданғанда М емлекет басшысы: «Біз 50 елдің қатарына кірдік. Ендігі мақсат 30 елдің қатарына кіруі. Ол үшін аянбай жұмыс істеу керек», — деді.  Оны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» жоспарын жариялады. Осылайша ел басқаруды жаңа қырынан көрсетті. Отыздыққа кіреміз десек, біз бұдан да ілгері дамуымыз қажет, - деп бастады Әли Әбдікәрімұлы өз баяндамасын.

Сонымен қатар, білімге, жастарға деген көзқарасты өзгертетін мезгілдің жеткеніне тоқталды. Өндірісті, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы дамыту – өркендеудің түп қазығы екенін атап өтті. Осыған байланысты Парламент депутаттары өткен жылы 94 заң қабылдағанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ,  Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 10 негізгі міндетке кеңінен тоқталды.

Республикалық «Ел бірлігі» қоғамдық ұйымы аудандық филиалының төрағасы Гайдан Дәнешұлы мен зейнеткер  Сағынбеков Медеу жарыссөзге шығып «Болашақ ұрпақтың саналы тәлім-тәрбие алуы, білімді де білікті азамат болуы үшін мұғалімдердің жағдайына баса көңіл бөлінсе», «Ағын су жүйелері реттелсе» деген мәселелерді көтерді. Ал, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы ЖҮСІП Лесбек Амангелді атындағы орта мектептің оқушылары үш ауысымда оқытылатынын айтып, жаңа мектеп салып беруге ықпал етуін сұранды.

Сенат депутаты көтерілген мәселелерді зерделеп, қажеттілігін ескеріп,  Үкімет басшыларына депутаттақ сауал жолдайтынын жеткізді.

Жұмыс сапары барысында Әли Әбдікәрімұлы   «Миграж-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.  Шаруашылық төрағасы  Сардарбек Ғалымжан жұмысын  2017 жылғы күркүйектен бастаған серіктестік  ірі қара мен жылқы бордақылаумен айналысатынын атап өтті. Жобаның құны — 101 млн. 500 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда 3 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған, жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мың теңге. Бүгінде қорада 200 ірі қараны бордақылануда.Кәсіпкердің алдағы жоспары 2021 жылға дейін бұл көрсеткішті 1000-ға жеткізу.

 Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Ордабасы ауданы бойынша ет бағытында 55 шаруашылықты біріктірген «Сәтті жол-1» және «Бабас-экспо» ауылшаруашылық кооперативтері жұмыс жасайтынын, былтыр шағын 282 мал бордақылау алаңы мен 60 жанұялық сүт фермалары жұмысын бастағанын тілге тиек етті.  

 

Бөлісу