Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы кездесу

05.01.2018 0

 

Сарыағаш ауданындағы кездесу.

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылындағы «Фрейсбум» кәсіпорынының ұжымымен кездесті.

Сенатор еліміздің экономика және әлеуметтік саладағы тарихи жетістіктерін еске салды. Биылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі біздің еліміздің халықаралық аренада мойындалуының көрсеткіші болып табылады. Ә.Бектаев облыс тұрғындарын әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі Президент стратегиясын іске асыруға бар күш-жігерді салуға шақырды. «Парламент Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеді, - деді депутат. – Өткен жылы Парламент еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, салық және кеден заңнамасын жаңартуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге арналған 94 заң қабылдады».

 

Бөлісу