Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Встреча с жителями Казыгуртского района, Южно-Казахстанской области.

09.01.2018 0

Қазығұрт ауданы тұрғындарымен кездесу.

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғындарымен жүздесуде Парламенттің заң шығару қызметі, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешудің келешегі туралы әңгімеледі.

Сенатор еліміздің экономика және әлеуметтік саладағы тарихи жетістіктерін еске салды. Биылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі біздің еліміздің халықаралық аренада мойындалуының көрсеткіші болып табылады. Ә.Бектаев облыс тұрғындарын әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі Президент стратегиясын іске асыруға бар күш-жігерді салуға шақырды. «Парламент Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеді, - деді депутат. – Өткен жылы Парламент еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, салық және кеден заңнамасын жаңартуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге арналған 94 заң қабылдады».

Бөлісу