Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесу

10.01.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

 депутаты Әли Бектаевпен  кездесу 

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесті. Аудан тұрғындарымен жүздесуде Парламенттің заң шығару қызметі, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешудің келешегі туралы әңгімеледі.

Кездесулердегі әңгіменің басты тақырыбы Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы 10 негізгі міндет туралы болды. Ә.Бектаев атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамалары еліміздің технологиялық және инфрақұрылымдық дамуының жаңа негізгі сатысы болуға тиіс. Экономиканы, саясатты және ұлттық сананы жаңғырту – еліміздегі ауқымды жаңарулардың негізгі бөліктері болып табылады.

Сенатор еліміздің экономика және әлеуметтік саладағы тарихи жетістіктерін еске салды. Биылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі біздің еліміздің халықаралық аренада мойындалуының көрсеткіші болып табылады. Ә.Бектаев облыс тұрғындарын әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі Президент стратегиясын іске асыруға бар күш-жігерді салуға шақырды. «Парламент Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеді, - деді депутат. – Өткен жылы Парламент еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, салық және кеден заңнамасын жаңартуға, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге арналған 94 заң қабылдады».

 

Бөлісу