Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Встреча с населением

20.02.2018 0

«Аян» ұн-макарон комбинатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

 

         Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаевтың қатысуымен Ақмола облысы Аршалы ауданындағы «Аян» ұн-макарон комбинаты ЖШС-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.  Басқосуға «Ауыл» партиясының Төрағасының орынбасары Талған Зейнуллин, Партияның Орталық аппаратының қызметкерлері, Аршалы аудандық әкімдігінің өкілдері, кәсіпорын жұмысшылары және БАҚ қызметкерлері қатысты.    

          Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында партия Төрағасы Әли Бектаев Жолдаудағы ауыл шаруашылығын, аграрлық саланы жаңғыртуға бағытталған міндеттерге кеңінен тоқталды. Биылғы Жолдауда Елбасы ауыл шаруашылығын заман талаптарына сай жетілдіріп, агроөнеркәсіп кешендерінде «ақылды технологияларды» енгізу қажеттігін атап өтті. Салаға заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріп, халықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді партия Төрағасы Әли Бектаев.

         Аграрлық саланы жаңғыртудағы негізгі бағыттардың бірі - шикізатты елімізде өңдеп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен кіруді қамтамасыз ету. Бұл жүйе экологиялық таза өнім өндіріп, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да септігін тигізеді. Партия Төрағасы шикізат өндіру бағытындағы бірқатар мәселелерді жіпке тізді. «Ауыл шаруашылығын жаңа технологиялармен қамту өте маңызды мәселе. Техникалардың 70 пайызға жуығы ескірген. Сондықтан озық құрылғылармен жабдықталған осындай кәсіпорындарды көптеп ашу қажет. Себебі көп шикізат шетелге кетіп жатыр. Астық күйінде, ет күйінде, көкөніс, бақшалық өнімдер ретінде кетіп жатыр. Сондықтан, өз шикізатымызды еліміздің кәсіпорындары өндіруі керек. Сонда ғана оның еліміз үшін пайдасы көп болады. Жұмыс орындары ашылады. Халықтың тұрмысы жақсарады. Тұтастай алғанда мемлекет экономикасына оң ықпалын тигізеді», - деді Әли Бектаев.

         Кездесуде еліміздің аграрлық саласын жаңғырту бағытындағы міндеттер қызу талқыланып, кәсіпорын өкілдері өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, олар партия Төрағасына бірқатар сауалдарын жеткізді. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бағытындағы жаңа мүмкіндіктер, ауылдардың  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына дербес бюджет енгізу мәселесі, ауыл шаруашылығы саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету бағытында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде сауалдар қойылып, оған тиісті жауап берілді.

         Шара соңында, кәсіпорын ұжымы «Ауыл» партиясының өкілдеріне алғыстарын білдірді.

«Аян» ұн-макарон комбинаты Елбасының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағында макарон өнімдерінің 12 түрі өндіріледі. Сондай-ақ, жоғарғы және бірінші сорттағы ұн шығарылады. Итальяндық құрылғымен жабдықталған кәсіпорынның өндіріс көлемі тәулігіне 30 тонна.  Технологиялық үрдісті бақылау жүйесі толық автоматтандырылған. Қазіргі таңда комбинатта 100-ден астам қызметкер еңбек етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу