Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Өңір аралау туралы ақпарат

27.10.2021 0

Аймақтағы жұмыс

 

 

  1. 18.06.2016- 19.06.2016 ж. аралығында  депутат Ә. Бектаев Алматы облысындағы «Байсерке Агро» Агрохолдингінде жер комиссиясының құрамында іссапарда болды.

     

  2. 02.06.2016-03.06.2016 ж. аралығында  депутат Ә. Бектаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ильясов ауылында  (физкультура-сауықтыру кешенінде) жер комиссиясының құрамында іссапарда болды.

     

  3. Әлеуметтік-мәдение даму және ғылым Комитетінің мүшесі, депутат Ә.Ә.Бектаев  2016 жылдың  26-28 қазан аралығында «Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар» республикалық көрмесінің жұмысына қатысу үшін Шымкент қаласында іссапарда болды. Көрмені өткізудің мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселесін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктер жасау және шығармашылық деңгейін дамыту болып табылады.

     

  4. 2016 ж. 7-8 желтоқсан аралығынд депутат Ә.Ә. Бектаев «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» атты арнайы іс-шараға қатысу үшін Шымкент қаласында іссапарда болды.

     

  5. 2017 жылдың  4-14-ші қаңтар аралығында  Бектаев Әли Әбдікәрімұлы депутаттардың өңірлеріге іс сапары аясында Оңтүстік-Қазақстан облысында болып, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында аудан активтерімен және тұрғындарымен кездесулер өткізді. Аталмыш сапары аясында Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ. Түймебаевпен де кездесу өтті. Аталмыш кездесуде облыс әкімі аймақтағы жұмыстардың  жай-күйімен таныстырды. Аймақ басшысы Елбасының тарапынан қойылған негізгі міндеттемелерді орындау жайындағы өз көзқарасымен  бөлісті.

     

  6. 2017 жылдың 4-10 ақпан аралығында депутат Бектаев Әли Әбдікәрімұлы еліміздегі билікті қайта бөлісу конституциялық реформасын және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында іс сапарда болды. Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш аудандарында және Арыс, Кентау, Шымкент қалаларында кездесулер өткізді. Жергілікті жерлерде өткізілген кездесулерге әлеуметтік сала қызметкерлері, өнеркәсіп жетекшілері, жастар, ауылшаруашылығы ұйым адамдары, кәсіпкерлер қатысты.

     

  7. 2017 жылдың 16-19 ақпан аралығында депутат Ә. Бектаев облыс әкімінің есеп беру жиынына қатысу мақсатында ОҚО, Шымкент қаласында іссапарда болды.

 

8. 2017 жылдың 17-19 суір аралығында депутат Ә. Бектаев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелерімен бірге  Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. Парламентшілер аймақтағы орта білім берудің жағдайымен, өзекті мәселелерімен және даму келешегімен танысты. Депутаттар еңбек ұжымдарымен, жалпы білім беру, шағын жабдықталған және арнаулы мектептер мен лицейлердің ұстаздарымен, ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен және оқушыларымен кездесті.

 

  1. 2017 жылдың 30-31 мамыр аралығында депутат Ә. Бектаев  «Арал Халықаралық Форумына» қатысу мақсатында Қызылорда қаласында іс сапарда болды. Форумның мақсаты – Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

     

  2.  2017 жылдың  7-14 шілдесі аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында Оңтүстік-Қазақстан облысында іссапарда болды. Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Сарыағаш, Шардара, Мақтарал аудандарының және  Түркістан, Арыс, Кентау қалаларының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

     

  3.  2018 жылдың  30 наурызы мен 5 сәуір аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласын түсіндіру мақсатында Оңтүстік-Қазақстан облысында іс сапарда болды. Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Отырар, Шардара аудандарының және Шымкент, Түркістан қалаларының активімен, жоғарғы және орта білім беру ошақтарының студенттерімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

     

     

  4.  2018 жылдың  6-12  тамыз аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Ә.Ә.Бектаев Түркістан облысында іссапарда болды. Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Сайрам аудандарының Түркістан қаласының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» мақаласындағы басым міндеттер де талқыланды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

     

     

  5. 2018 жылдың  15-19 қазан аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Түркістан облысында іссапарда болды. Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Ордабасы және Қазығұрт аудандарының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді.  Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өз елді мекендерінде орын алып отырған түйткілді мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті.

     

     

  6.  2019 жылдың  1-5 наурыз аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Түркістан облысында іссапарда болды.

    Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Кентау қаласында, Созақ, Бәйдібек аудандарының активімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезінде айтылған әлеуметтік бастамалары оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, табысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау саласын жақсарту, жергілікті аймақтарды кешенді дамыту мәселелеріне көңіл бөлінетіндігін және бұл бағытта атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылар шаруалар көптеп саналады деп айтып өтті.

     

  7.  2019 жылғы 6-8 тамыз аралығында депутаттардың өңірлерді аралау маусымдық жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Түркістан облысында іссапарда болды.

    Іссапар барысында Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Арыс қаласында, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби аудандарының активтерімен және тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде педагог мәртебесі, коммуналдық қызмет тарифтері, ЖТҚ үшін жер телімдерін бөлу, ауыз су, жайылымдар және денсаулық сақтау мәселелері, ауыл шаруашылығын субсидиялау, несиелендіру, Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу, жеке үйлерді қалпына келтіру жұмыстары және Арыс қаласындағы жаңа стадионды қайта құру туралы мәселелер көтерілді.

     

  8. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2019 жылғы іс-шаралары жоспары аясында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті 2019 жылдың 19-20 қыркүйегінде  Алматы облысы мен Алматы қаласында болып, Қазақстан Республикасының 2017 - 2021 жылдардағы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында аграрлық ғылымның дамуы және мамандарды даярлау мәселелері бойынша көшпелі отырысын өткізді. Іссапар барысында Комитет мүшелері бірнеше ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың жұмысымен танысты.

 

17. 2019 жылғы 4 қарашада Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ет, сүт, жем-шөп базасы мәселелерін қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы) мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс аясында астық өңдеуші «Agrimer Astyk» ЖШС, ет өңдеу кәсіпорны ««KazBeef Processing» ЖШС және «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-ның жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Ақмола облысы әкімдігінде ҚР Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция министрліктерінің басшылары мен өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысуымен жиналыс өтті.

 

18. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев 2020 жылғы 5-15 қаңтар аралығында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Түркістан облысының Созақ, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Отырар аудандарында және Түркістан қаласында болып, тұрғындарымен, облыс, қала, аудан мәслихаттарынының депуттары, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерілерімен кездесу өткізді.

 

19. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс жоспарына сәйкес Әли Әбдікәрімұлы Бектаев 2020 жылғы 28 шілде - 5 тамыз аралығында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Түркістан облысының Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарын және Түркістан, Кентау, Арыс қалаларын аралап, мәслихат депуттарымен, тұрғындармен кездесу өткізді. Сонымен қатар карантин жағдайына байланысты  Созақ, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Отырар аудандарының активімен және мәслихат депуттарымен бейнеконференциялық байланыс арқылы кездесу өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

20.     Әли Әбдікәрімұлы Бектаев 2021 жылғы 4-6 мамыр аралығында Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу мақсатында іссапарда болды.

2021 жылғы 4 мамырда Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандары мәслихаттарының депутаттарымен ЗУМ байланысы арқылы кездесу өткізді.

2021 жылғы 5 мамырда Сайрам ауданының «Малика» шаруа қожалығының жылыжайына барып, ұжым қызметкерлерімен кездесіп, Сайрам аудандық мәслихат депутаттарымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, Түлкібас ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен және «Айқан» ЖШС сүт кешенінінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

2021 жылғы 6 мамырда Төлеби аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, аудандағы Көксайек ауылдық округіндегі «Керемет агро» ЖШС жұмысымен танысты.

 

21. 2021 жылғы 2-6 тамыз аралығында Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде облыс тұрғындарына Палатаның өткен сессиядағы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді. Кездесуге мәслихат депутаттары, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Кентау қалаларының журналистері қатысты.

 

 

Бөлісу