Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

С. Ершов ҚР Премьер-Министріне Ұлттық архив қоры саласындағы проблемалық мәселелер туралы депутаттық сауал жолдады

22.10.2020 0

2020 жылғы 22 қазанда Палата отырысында сенатор Сергей Ершов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің атына еліміздің Ұлттық мұрағат қоры саласындағы проблемалық мәселелер туралы депутаттық сауалды жария етті.

Депутаттық сауалдың негізгі себебі Ұлттық архив қоры мен архивтерді қалыптастыру және сақтауға байланысты мәселелерді кідіріссіз шешу қажеттілігі болып табылады.

Депутаттық сауалда көптеген мемлекеттік мұрағаттар тиісті жабдықтардың жоқтығынан сақтандыру қорларын құра алмайтыны атап өтілді. Көптеген қоймалар 100%-ға толып қалған, құжаттарды әрі қарай қабылдау және сақтау үшін орын жетіспейді. Ал мемлекеттік мұрағаттар сақтау орындары ғимараттарының өзі лайықсыз жағдайда. Сондай-ақ, кадрларды даярлау және осы саладағы жас мамандарды жұмысқа қабылдауда проблемалар бар.

Кешенді жоспарды іске асыруға арналған бюджеттік өтінім республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданбады.

Көтеріліп отырған проблемалардың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Премьер-Министріне:

- бекітілген Кешенді жоспардың тармақтарын уақтылы орындау үшін қаржы қаражатын бөлу;

- Министрлікте ведомство (Комитет) немесе жақын шетел елдерінің (Ресей, Украина) тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тікелей бағынатын дербес құрылым құру ұсынылды.

Бөлісу