Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

13.10.2020 0

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 69-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Бiрiншi вице-министрі Ерғалиев Әсет Арманұлы өз баяндамасында Заң жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы толық айтып өтті.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында барлық мүдделі органдардың, ҚР Ұлттық Банкінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен жан-жақты қарастырылды.

«Атамекен» ҰКП-на бизнес өкілдерінің ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен келіссөздерін жиі ұйымдастыру ұсынылды, өйткені Кәсіпкерлер Палатасы елдің шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін қорғайтын ірі ұйым болып табылады.

Заң жобасы салық саласын жақсартуды көздейді және экономикалық жағдайдың өзгеруі мен салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.

Жалпы атап өткенде, заң жобасы инвестицияларды тартуды ынталандыруға, іскерлік ортаны дамытуға, салық әкімшілігін жеңілдетуге және салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Аталған Заң жобасы бойынша Комитет депутаттары бас комитетке оң қортынды жіберді.

Бөлісу