Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Комитет отырысында бірнеше Заң жобалары қарастырылды

27.10.2020 0

Бүгін Комитет отырысында келесі Қазақстан Республикасының Заң жобалары қарастырылды:

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы»;

- «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»;

- «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы».

 

Республикалық бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 жылға арналған кепілдендірілген трансфертке ұсынылған түзетулер коронавирустық инфекциямен күрес шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыруға, елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты.

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларының негізгі параметрлері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы мен алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлері, Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының негізінде әзірленді.

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы», «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.

 

«2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша кейбір депутаттар Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Павлодар облысы бойынша қосымша шығыстар бөлігінде ұсыныстар берді.

Бөлісу