Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы

27.10.2020 0

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Заң жобасына енгізілетін түзетулер Шекара қызметін реформалауға байланысты және мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету жүйесін және қызметін келесі жолдар арқылы одан әрі жетілдіруге бағытталған:

- шекараны қорғаудың техникалық құралдарын жетілдіру (ПҰА, сигнализация, бейнебақылау құралдарын қолдану және т. б.);

- мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамыту;

- шекаралық кеңістікте ұлттық мүдделерді қорғау мәселелерінде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру.

Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірқатар депутаттары мен Аппарат бөлімдерінің ескертулері мен ұсыныстары қаралды.

Бөлісу