Қазіргі заманғы әскери қызметші жоғары патриоттық санаға ие болуы тиіс – сенатор Сергей Ершов
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Балқаш қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесу қаланы дамыту, жолдар және әуе қатынасы мәселелеріне арналды. Кездесу барысында қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін көлік және инфрақұрылым саласындағы қаланы дамыту проблемаларын шешудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ, депутат Приозерск қаласындағы әскери бөлімде болып, онда әскери дайындық шарттарымен танысып, бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесті. Депутат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызмет аса маңызды мемлекеттік міндет болып табылатынын және басым әлеуметтік маңызы бар екенін атап өтті.
"Қазіргі заманғы әскери қызметші жоғары патриоттық санаға, біртұтас ұлтқа жату сезіміне, азаматтық борышын орындауға дайын болуға, Отанды қорғау және соған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту жөніндегі конституциялық міндеттерге ие болуы тиіс", - деп атап өтті сенатор Ершов.