Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ершов Қарағандыда алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемесін мұғалімдермен бірге талқылады

27.12.2024 57

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды қаласындағы №32 орта мектебінің ұжымымен және басшылығымен кездесті. Онда алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесін жаңарту – талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Сенатор кездесу барысында бұл жұмыстың оқушылардың бойында отансүйгіштікті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

«Алғашқы әскери дайындық саласындағы білім беру үдерісін жаңарту жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл тек патриоттық тәрбие ғана емес, сонымен бірге олардың саналы түрде Отанды қорғауға әзір болуына негіз қалайтын іс жүзіндегі дайындық», – деді Сергей Ершов.

Сенатор Ершов кездесу барысында Сенаттың білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған қазіргі жұмысы туралы мектеп ұжымына айтып берді. Депутат жүздесу соңында алғашқы әскери дайындықты оқытудағы жаңартылған әдістемелер жастардың мемлекет өміріне белсенді қатысуға дайын жас ұрпақты тәрибелеу мен қалыптастыруға жасалған маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Бөлісу