Депутат С. М. Ершов пленарлық отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң бойынша баяндама жасады
Депутат С.М. Ершов аталған заң резервте толыққанды қызмет институтын құруға және әскери басқару
құрылымын оңтайландыруға бағытталғанын атап өтті. Заң резервшілердің құқықтық мәртебесін,
оларды материалдық қамтамасыз ету тәртібін бекітеді және елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін
мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді қайта бөледі.
Сергей Михайлович жаңа нормалардың маңыздылығын бағалай отырып:
"Кәсіби әскери резервті құру — бұл бейбіт уақытта артық армияны ұстаудың қажеті жоқ кез келген қауіпсіздік сын-қатерлеріне ұтқыр және тиімді жауап беруге мүмкіндік беретін стратегиялық қадам", - деп атап өтті.