Сенаторлар С. М. Ершов пен Ж. Б. Асанова Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына барды
Сенат депутаттары Алматыдағы ЮНЕСКО қамқорлығымен 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығында болып, биік таулы мұздықтарды мониторингілеу әдістерімен және мекеменің ғылыми-зерттеу әлеуетімен танысты. Экологиялық қауіпсіздік, жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын болжау және елдің экология саласындағы ғылыми егемендігін қамтамасыз ету мәселелері басты назарда болды.
Сапар барысында депутаттарға Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи жүйелері және Тянь-Шань мұз қабатының жай-күйін көпжылдық бақылаудың бірегей деректері көрсетілді. Өлшеу жабдықтары паркін жаңғырту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы мен орталықтың ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін бағалай отырып, депутаттар:
"Мұздықтардың жай-күйін бақылау - бұл іргелі ғылым ғана емес, ұлттық және аймақтық қауіпсіздік мәселесі. Климаттық қиындықтар мен су тапшылығы қаупі жағдайында гляциологтардың жұмысы ауыл шаруашылығы мен энергетикада ұзақ мерзімді жоспарлау үшін маңызды құралға айналуда. Біздің міндетіміз заңнамалық деңгейде — ғылыми зерттеулерге жүйелі қолдау көрсетуді қамтамасыз ету және ғылыми деректер мемлекеттің орнықты дамуы мен экологиялық тұрақтылығы үшін сенімді іргетас ретінде қызмет етуі үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сараптамалық хаб ретіндегі мәртебесін нығайту".