Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Егемен Қазақстан газеті 09.01.2018

12.01.2018 0

Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев Байзақ ауданында болды. Халық қалаулылары ауданда Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысты. Депутаттар болған Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылындағы «Мамбетова К» жеке кәсіпорны шұжық және нан өнімдерін өндіреді. Аталған кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылып, екі ауысымда жұмыс істейді. Кәсіпорын басшысы Раушан Мәмбетованың айтуынша, өндірілетін тәтті тоқаштарға облыстың барлық аудандарымен қатар, Алматы және Байқоңыр қалаларынан тапсырыс берушілер көп екен. Сенаторлар кәсіпорын жұмысына оң баға берді. Бұдан кейін Сенат депутаттары Көктал ауылында салынып жатқан май өңдеу цехына барды. Аталған кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 74 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алған. Жас кәсіпкер Болат Есенбаев депутаттарға енді өндіріс орны то­лық іске қосылса, 50 жаңа жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы

 

Бөлісу