Қазақстан сенаторлары Әзербайжан Президентін сайлауға қатысып жатыр
Әзербайжан Милли Меджлисінің шақыруы бойынша Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев сайлауды байқауға қатысуда. Сенатор Мұратбай Жолдасбаев әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында азаматтардың көптеп келгені мен дауыс беру үдерістерінде тәртіп бұзушылықтың болмағанын атап өтті. «Сайлаушылардың белсенділігі ерекше назар аударады. Біз болған учаскелерде ешқандай жағымсыз жағдайлар болған жоқ. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Атап айтқанда, веб-камераның орнатылуы дауыс берудің ашық өтуіне жағдай жасайды», - деді М. Жолдасбаев. Сенаторлар Бакуде және елдің түрлі аумақтарында орналасқан сайлау учаскелерінде болуды жоспарлап отыр.
11.04.2018