Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Нуралиев А.Т. жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

09.01.2020 0

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров, Мұратбай Жолдасбаев және Абдалы Нұралиев  Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралап, қызметкерлермен кездесті. Сенаторлар алдымен облыс әкімдігінде өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Бұдан соң халық қалаулылары облыстық полиция департаментінің жедел басқару офисі, фронт офисінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

                Кездесу басында  депутаттар Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары мен іске асырылу барысы туралы айтып, өзінің заң шығару жұмысы туралы хабардар етті, содан кейін полиция қызметкерлерін өздерінің жоғары деңгейде шешім таба алатын мәселелерімен бөлісуі үшін диалогқа шақырды. Ашық кездесу барысында полиция қызметкерлері өз пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті, халық қалауларымен әлеуметтік сипаттағы мәселелерді талқылады. Бұдан соң халық қалаулылары  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының жұмысымен танысып,  ұжымымен кездесті. Басқосу барысында әскерилер көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды.

Бөлісу