Жайылым мәселелері алаңдатады
Жуырда Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының іске асырылуы туралы» тақырыбына ар нал - ған кеңейтілген отырысы тті. Пар ламент депутат тарын республикадағы жайы лым дық жер лердің жеткілікті бол ға ны - мен ауыл тұрғындарына қолжетімсіздігі алаңдатады. Халқымыздың ертеден келе жат қан дəстүрлі шаруашылығы – жа йы лымды мал шаруашылығы. Өкі нішке қарай, жайылымдардың бүгінгі хал-ахуалы қиын жағдайда. Қазақстан əлемде жайылымдық жер ресурстарының көлемі жөнінен Аустралия, Ресей Федерациясы, ҚХР, АҚШ жəне Канада елдерінен кейінгі 5-орынға ие. Мал шаруашылығын дамытуда еліміздің жер қорының 70 пайызын құрап отырған жайылымдық жерлерді, оның ішінде шалғайдағы жайылым алқаптарын қолданысқа енгізу бүгіннің талабы. Осыған байланысты Парламент депутаттарының бастамашылығымен 2017 жылдың ақпан айында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Сондай-ақ 2020 жылдың ақпанында Сенат қабырғасында өткен депутаттық тың дау барысында «Жайылымдар туралы» заң практикалық тұрғыда жү зеге асырылмай жатқанын атап өтіп, Үкіметке берілетін қорытынды-ұсынымда осы бағытта атқарылар мақсатты жұмыстар жүргізу белгі ленді жəне наурыз айында осы заң ның атқарылуы туралы Үкіметке де путаттық сауал жолданды. Дегенмен, заңды орындау бойынша уəкілетті орган – Ауыл шаруашы лығы министрлігінің жəне жергілікті атқарушы органдардың тарапынан заңның нормаларын орындау формальды сипатқа айналған. Ал жайылымдық жерлердің жетіс пеушілігі туралы бұқаралық ақпарат құрал дарында жазылып, ауыл тұрғын дары тарапынан наразылық жиі айтылады. 2019 жылдың 14 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Үкімет мүшелеріне жəне аймақ активтеріне арнаған сөзінде «Біз, адал, еңбекқор фермерлер мен шаруалардың жұмыс істеуге, мал жаюға жері жоқ күйін көретін күнге жеттік» деп атқарушы органдарды өткір сынға алды. Депутаттардың өңірлерде сайлаушылармен кездесу нəтижелері, ауыл тұрғындары жергілікті өзін өзі басқару субъектісі ретінде өзінің аталған заңнан туындайтын құқық тары мен мүмкіндіктері туралы біл мейтіндігін көрсетеді. Оның себебі, бүгінге дейін заңнаманың нормаларын іске асыру бойынша халық арасында тиісті əдістемелік, консультативтік іс-шаралар жəне заңды түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеуіне байланысты болып отыр. Бұл уəкілетті жəне жергілікті атқарушы орган жауап ты қызметкерлерінің немқұрай лығынан деп ойлаймын. Осы орайда «Жайылымдар туралы» заң мал басының өсуіне, өзіндік құны арзан əрі экологиялық таза мал шаруа шылығы өнімдерінің өндірісін арттыруға, ауыл шаруашылығына арнал ған жерлердің тозуын тоқтатуға, ең бастысы, еліміздің байлығы болып саналатын 184,3 млн гектар жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға бағытталғанына қарамастан, оның толық орындалмай отырғаны алаңдатады. Сондықтан жауапты органдар заңда бекітілген мін деттерін тиісті деңгейде орындаумен қатар, өз жауапкершілігін арттыра оты рып, «Жайылымдар туралы» заңның орнықты жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуі керек деп ойлаймыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мəліметі бойынша, Қазақстан да жайылым көлемі 184,3 млн га құрайды. Қолданыстағы 96,4 млн га жайылымның 75,6 млн га ауыл шаруашылық тауар өн ді ру шілеріне (АШТӨ), шаруа қожа лықтарына (ШҚ) жəне 20,8 млн га елді мекендердің жайылымдары болып бекітілген. Статистика жөнін дегі ұлт тық бюро мен Жер ре сурс тарын басқару комитетінің дерек тері бойынша, АШТӨ, ШҚ-дағы қол да бар 5,4 млн шартты бас ауыл ша - руа шылығы малы үшін 43,2 млн га жа йылым қажет, резерв 32,4 млн га құ райды. Елді мекендердің жайылым ал қап тары бар болғаны 20,8 млн га, халық та бар 6,2 млн бас шартты ауыл ша руа шылығы малына 50 млн га жайыл ым қажет, тапшылық 29,2 млн га жуық. Барлық облыстар бойынша жайылым тапшылығының орнын босалқы жер (71,9 млн га) жəне АШТӨ-нің жайылымдық алқаптары резерві есебінен толықтыруға болады (резерв 32,4 млн га). Қазақстанда жайылым белгіленген нормамен 30 млн мал басына толық жеткілікті. Бұл бір қарағанда қарапайым арифметикалық цифрлар болып көрінуі мүмкін. Алайда малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Сондықтан ауыл маңайындағы 15-20 шақырымға дейінгі жерлер азып-тозып, табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп, қолданыстағы 96 млн гектардың 27 млн гектары деградацияға ұшыраған. Мал жайылымы кезеңдері мен жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын бұзу, мал жаю ережелерін мүлдем елеусіз қалдыру салдарынан ауыл маңайындағы жайылымдар тақыр жерге айналып отыр. Өкінішке қарай, бұл бүгінгі күннің ащы шындығы. Осы орайда кеңейтілген отырыстың тақырыбы бойынша комитет мүшесі Сұлтан Дүйсенбинов «Жайылымдар туралы» заңды жүзеге асыру барысындағы атқарылып жат қан жұмыстарды талдап, оның өзекті проблемалары туралы баяндама жасады. Ол «Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендегі жайылым дық жер тапшылығы барлық об лыста байқалып отыр. Малдың 80%-ға жуығы ауылдық елді мекен маңайында жəне оның айналасында жайылады. Осыған байланысты бұрын жеке қосалқы шаруа шылықтарды дамыту үшін бөлінген 21 млн га жуық жайылымдық жерлер қатты тозып кетті», деді. Баянда машы жайылым саласындағы атқа рыл ған мақсатты жұмыстарды, жа лпы «Жайылымдар туралы» заңның орындалу барысындағы кемшіліктерді де өткір сынға алды. Ол орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардағы үйлесімді жұмыстың өз деңгейінде еместігін жəне жүйелі де мақсатты іс-əрекеттің жоспары жоқтығын да қадап айтты. Талқылауға қатысқан баяндамашылар Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ж.Құрбанов, облыс əкімдерінің орынбасарлары, аудан əкімі өз кезектерінде республикада, облыстарда, аудандарда жайылым мəселелері бойынша жүргізі ліп жатқан жұмыс туралы ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары талқыланып отырған мəселеге пікірін білдірді. Десек те, талқылауды ой елегінен өткізіп күдік пен күмəнға ілінген, əлі де күрмеуі қиын күрделі мəселенің бары жəне оның нақты жұмыстарды қажет ететініне көз жеткіздік. Өкініш тісі, заңды жүзеге асыратын ат қару шы органдардың жауапты қызметкерлері «Жайылымдар туралы» Заңның мəн-мағынасына, мақсат-міндеттеріне жеткілікті түрде өз деңгейінде зерттеп-зерделеп жұмыс жүргізбейтіндігі. Нəтижесінде заңның қабылданғанына төрт жыл уақыт өткеніне қарамастан, респуб лика бойынша орталық жəне жергі лікті атқарушы органдарында «Жайы лымдар туралы» заңның 14-бабының 1-тармағына сəйкес жайылымды басқару жəне оны пайдалану жоспарымен жайылымдарды пайдалануға беру жүзеге асырылмаған. Тағы да тоқталатын өзекті мəселе – заңға сəйкес жергілікті ауыл округі жəне аудан əкімдігі өзін өзі басқару органымен бірлесе отырып, мəслихат бекіткен жоспарға сəйкес «жайылым пайдаланушылар бірлестігі» деген ұйымдар құруға құқылы. Мəселен, бір ауылдағы бірнеше отбасының малын біріктіру арқылы жайылымды пайдалануға болады. Бірақ комитеттің кеңейтілген отырысында кейбір жергілікті атқару шы органдардың өкілдерінен «жайылым пайдаланушылар бірлесті гін» құруды міндеттеу туралы пікір лер ай тылды. Жайылым пайдалану шылар бірлестігінің қызметін ұйымдастыруды міндеттеу жер иелері мен жайылым пайдаланушыларының заңды құқықтарына шектеу жасалып, наразылық тудыруы мүмкін. Бұл ұйым ерікті, келісіліп құрылатын бол ғандықтан, оның нормалары елі міз дің Азаматтық кодексінде айқындалған. Келесі көтерілген мəселелердің бірі – жайылымдарды басқару жəне пайдалану жөніндегі жоспарды жобалау мекемелері арқылы жасау жергілікті атқарушы органдардың заңда бекітілген құзыреттеріне шектеу қоюмен қатар, бюджеттік шығындарға əкеп соғады. Сондықтан заңға сəйкес бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы органдары жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесіп əзірлеп, жергілікті өкілді органында бекіту тиімді əрі қолайлы. Сондықтан заң жобасы бастама шыларының түсіндірме жазбасы бойынша жəне қабылданған заң аясында еліміздің 2 271 ауылдық ок ругінің əрқайсысы өз жерінің табиғи-климаттық ерекшеліктерін, тари хи қалыптасқан мал жаю дəстүрін ескере отырып, ауылдық округ жəне аудандық əкімдіктермен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару жəне оны пайдалану жөніндегі жоспарды жасайды. Жоспарда ауыл округінің мал жайылатын жайылымдарының көлемі анықталады, оның нормадан тыс пайдаланылатын жерлерін, жері бар, бірақ мал бағылмай бос жатқан жердің иелерін анықтап, сол арқылы жайылымдық жерлерді, жайылым пайдаланушылар мен жер иелері арасындағы жағдайды реттеп, нормативтік талаптарға сəйкестендіреді. Жоспар жергілікті өзін өзі басқару органында жəне аудандық мəслихаттың отырысында қаралып бекітіледі. Бұл құжат əділет органдарында тіркелуден өтіп, құқықтық акт болып саналады. Осылайша ауылдық округтердегі жайылымдық жерлерді игеруде əр өңірдің өз жоспарына сай заңнамалық нормалар жұмыс істейтін болады. Əрбір жайылым пайдалану шы жоспарды əзірлеуге қатыса алады, яғни ауылдық елді мекендердің аума ғында өзіне жетерліктей жайылымдық жерді пайдасына асыру мəселесін шешу оның өз қолында деген сөз. Барлығы жергілікті жерде, яғни ауылдық округ жəне аудан əкімдіктерінің құзыреттерінде толық қарастырылады. Ал егер ауылдық елді мекендердің аумағында жайылымдар жетпей жатса, онда жайылымдар ауыл округінің шегінде беріледі. Бұл мəселе аудан əкімі шешімімен жүзеге асырылады. Сол сияқты жер, аудан көлемінде жетіспей жатса, облыстық деңгейде шешіледі. Бұған қолданыстағы заңымыз нақты мүмкіндіктер берген. Яғни, ауданаралық мəселелер облыс əкімдерінің араласуымен, ал облысаралық жайылымның түйіні уəкілетті органның ұсынысымен Үкі мет тің атсалысуымен тарқаты лады. Заң жүзінде жайылымдарды пайдалануға беру қысқаша осылай жүзеге асады. Шалғайдағы мал жайылымдарын жайылымдық жерлерді пайдалану ретінде қолдануға болады. Алайда оған мал бағуға əлеуметтікэкономикалық жағдайына байланысты қарапайым шаруаның күші жетпейді. Сондықтан заңға сəйкес жергілікті ауыл округі жəне аудан əкімдігі өзін өзі басқару органымен бір лесе отырып, мəслихат бекіткен жоспарға сəйкес «жайылым пайдаланушылар бірлестігі» деген ұйымдар құруға мүмкіндігі бар. Мəселен, бір ауыл дағы бірнеше отбасының малын бірік тіру арқылы жинақтау көзделеді. Бас қа малдың түрлерін де осылайша бір лесе белгілі бір жайылымда бағуға бола ды. Əрине бұл жерде барлық жұмыс зооветеринарлық талаптарға сəйкес тендіріле ұйымдастырылса, шалғай дағы жайылымдарды қол дануға мүм кіндік туады. Бұл ауылдар да коопе ра тивті ұйымдарды жəне шағын орта бизнесті жандандыруға жол ашады. Ал жайылымдық жерді қайтару, шаруа қожалықтарының сұраны сын қанағаттандыру мақсатында меншікті жайылым жерлерді мемле кет қажеттілігіне сатып алу, мақ сатсыз жəне тиімсіз пайдалан ған жайылымдық жерлерге қолда ныла тын шаралар «Жайылымдар туралы» заңмен реттелмейді. Бұл нор малар Жер кодексінде қарастырылған. Талқылау соңында комитет мүшелері өз ойларын ортаға салды. Жалпы, Парламент Сенатының Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту коми тетінің кеңейтілген отырысында комитет төрағасы Ə.Бектаевтың жүр гізуі мен жайылым мəселесі жəне өңір лердегі жайылымдардың тапшылығы кеңінен қызу талқы ланып, келелі ойлар ұтымды ұсыныс тармен қорытыланды.
Абдалы НҰРАЛИЕВ