Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Бекболат Орынбеков пен Әбдәлі Нұралиев Жамбыл облысындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты

19.07.2022 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Әбдәлі Нұралиев жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының Жуалы ауданында болды.

Сенаторлар «Бірлік» және «Бақыт» шаруа қожалықтарының қызметімен, Нұрлыкент ауылындағы сүт тауары фермасының құрылысындағы «Гамбург» ЖШС жұмысымен танысты, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №30 Көктөбе орта мектебінде болды.

Парламентшілер жұмысты сапалы жүргізуге баса назар аударды.

«Жуалы ауданында қыс қатты болатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан құрылыс жұмыстары барысында жылыту жүйесінің құбырларын ауыстыруды да ойластыру қажет. Мектепті жөндеуге тиісті қаржы мемлекеттен бөлінгеннен кейін жұмысты мұқият және жүйелі жүргізу қажет деп ойлаймын», - деді Бекболат Орынбеков.

Депутат Бекболат Орынбеков сонымен қатар Тараз қаласында болып, онкологиялық аурухананың, оңалту орталығының жай-күйімен және Талас өзенінің жағасын нығайту жұмыстарымен танысты.

Бөлісу