Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Дүйсенғазы Мусин, Мұхтар Жұмағазиев, Әбдәлі Нұралиев және Сұлтан Дүйсембинов Шығыс Қазақстан облысында болды.

28.07.2022 0

Сенаторлар жұмыс сапары барысында Ұлан ауданындағы «OST Fish» ЖШС балық шаруашылығының қызметімен танысты. Балық шаруашылығының басшылары бекіре балықтарын өсіру мен азықтандырудың ерекшеліктері, уылдырық өсіру мен алудың технологиялық процесі туралы сенаторларды хабардар етті. Парламентшілер сонымен қатар Алтай өңіріндегі агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары мен аймақтағы фермерлік шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жай-күйін көріп шықты. Сенаторлар ауданның еліміздің аграрлық секторы мен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Бөлісу