ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел Президенті Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жария етті.
ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел Президенті Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жария етті.
Жолдаудағы ұсыныстар мемлекет Басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан реформаларды жалғастыра отырып, экономика саласының дамуының бірқатар жаңашыл стратегиясын айқындауға бағытталған.
Үкімет пен Парламент алдында ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты негізгі бағыттарды қамтитын нақты мақсаттар мен міндеттер қойылды. Олардың барлығы үш жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Президентіміздің экономиканы өркендету мен аймақтарды дамытуға қатысты мәселелерді шешу, азаматтарды әлеуметтік сипаттағы қолдауларды қажетті деңгейде қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарының маңызы ерекше.
Жолдауда балалардың білім алуы мен қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мен жалақының деңгейін көтеру, салықтық реформаларды заң деңгейінде реттеу, билік жүйесі деңгейлеріндегі ара қатынастарды қайта қарауға қатысты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Мемлекетіміздің одан әрі нығайып, тұрақты дамуы, қуатты мемлекет болуы кезеңінде Жолдаудың іске асырылуы өте маңызды.
Парламент Жолдауда айтылған реформаларды орындауға қажетті заңнамалық деңгейдегі сапалы қолдауды қамтамасыз ететін болады.