Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Н. Бекназаров ТМД парламентаралық ассамблеясы құқықтық мәселелер бойынша Тұрақты комиссиясы отырысына қатысты

21.11.2024 276

      Сенатор Н. Бекназаров а. ж. 21 қарашада ТМД парламентаралық ассамблеясы құқықтық мәселелер бойынша Тұрақты комиссиясы отырысына қатысты.

       Отырыс барысында бірқатар модельдік заңдар қарастырылып, ТМД елдерінің заңнамасын үйлестіруге бағытталған модельдік заңдарды одан әрі пысықтау мәселелері талқыланды.

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты әзірлеген «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды құқықтық реттеу туралы» модельдік заң жобасын қарауға ерекше назар аударылды.

      Нұрлан Бекназаров өз сөзінде бұл Заң жобасы бойынша жұмыс Сараптамалық кеңестің отырысы барысында енгізілген ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, жалғасып жатқанын атап өтті. Ол отбасылық зорлық-зомбылыққа неғұрлым тиімді қарсы тұруға ықпал ететін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін кешенді құқықтық нормаларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу