Сенатор Н. Бекназаров Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро делегациясымен кездесті.
Сенатор Н. Бекназаров а. ж. 20 қарашада Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро делегациясымен кездесті.
Шара барысында қауіпсіздік, адам құқықтары және саяси жаңғыру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.
Сенатор өз сөзінде ЕҚЫҰ-мен тұрақты және сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами бағыттар бойынша ынтымақтастықтағы тепе-теңдік көзқарасына тоқталды.