Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда сот жүйесін және іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге қатысты заң талқыланды.

05.11.2024 275

       Бастамашылық заң сотта қорғалу құқығын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге, әділ сот жүргізу сапасын арттыруға, судьялардың біліктілігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Заң Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.

       Азаматтық және қылмыстық іс жөніндегі істерді кассациялық инстанцияда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылып отыр. Кассациялық инстанцияда істі алдын ала қарау алып тасталған жағдайда қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық инстанцияда қарау мерзімі қайта қаралып, әкімшілік істерге ұқсас, яғни қисынды мерзімде, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа белгіленеді.

     Заңда 3 кодекс пен 6 заңды қоса алғанда, 9 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.
Бөлісу