Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

07.11.2024 жылы Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысында депутаттар бастамашы болған сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң қаралды.

07.11.2024 286

07.11.2024 жылы Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысында депутаттар бастамашы болған сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң қаралды.

     Сенат отырысы барысында екі оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қаралды.

     Заңмен Қылмыстық-процестік кодекске, Азаматтық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және басқа да бірқатар заңдарға тиісті түзетулер енгізу көзделуде.

   Заң бойынша баяндамамен Н. Бекназаров сөйледі. Өз баяндамасында депутат Жоғарғы соттың заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық сатыда қарағаннан кейін оларды қайта қарау тәртібі енгізілетінін атап өтті.

     Сондай-ақ, заң нормаларына сәйкес азаматтық және қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыда істерді алдын ала қарау алынып тасталды. Кассациялық сотта алты айдан аспайтын мерзімде қылмыстық және азаматтық істерді қайта қарау, сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін рәсімдеуді оңайлату бойынша да бірқатар шаралар қарастырылған.

     Кассациялық сатыға қолжетімділікті кеңейту үшін 2027 жылғы 1 шілдеден бастап талап қою сомасы 2000 АЕК-тен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап қою сомасы 30000 АЕК-тен кем болғанда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша, сондай-ақ, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша шектеулер алынып тасталды.

Бөлісу