Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ағымдағы жылғы 28 қазанда Нұрлан Бекназаров ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Сарвармен кездесті.

28.10.2024 235

Ағымдағы жылғы 28 қазанда Нұрлан Бекназаров ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Сарвармен кездесті.

Кездесу барысында балалар құқықтарын қорғауды күшейтуге, әлеуметтік және медициналық қызметтерге қол жеткізуді жақсартуға, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларын құқықтық қолдау тетіктерін одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде Н. Бекназаров балаларды заңнамалық қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат жетілдіруүстінде екендігін, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заң қабылданғанын, әйелдер мен балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық әрекетке жауапкершілікті күшейтетін, отбасы институтын нығайтатын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін арттыратынережелер енгізілгенін, Үкіметпенбалалардың әл-ауқатының индексі енгізілгенін атап өткен болатын.

Рашед Сарвар өз кезегінде бала құқықтарын іске асыруға бағытталған бірлескен күш-жігердің маңызына тоқтала келіп, Қазақстан соңғы жылдары балалар мен отбасылар жағдайын жақсартуда елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

Бөлісу