Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ағымдағы жылғы 12 қарашада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Конституциялық бақылау – конституциялық заңдылықты және Ата Заң үcтемдігін қамтамасыз етудің маңызды факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

12.11.2024 261

Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды құқықтық тетігі ретінде конституциялық бақылауды жүзеге асыру мәселелерін талқылау болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы мен судьялары, Сенат депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Парламентаризм институтының, ғылыми қоғамдастықтың, сонымен бірге Парламент Сенаты жанындағы жас сарапшылар Клубының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі басшылығының, ғалымдар қауымдастығы өкілінің баяндамалары тыңдалып, тақырыпқа қатысты пікір алмасты.

Бөлісу