Ағымдағы жылғы 14 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Н. Бекназаров сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңы бойынша баяндама жасады.
Ағымдағы жылғы 14 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Н. Бекназаров сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңы бойынша баяндама жасады.
Заң сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында әзірленген.
Заңға түзетулер үш блокқа бөлінеді:
- түзетулердің бірінші блогы Сот жюриі жұмысын жақсартуға бағытталған;
- түзетулердің екінші блогы Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібін және қызметін өзгертуге бағытталған;
- түзетулердің үшінші блогы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқғы мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға қатысты.