Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Көкшетау қаласында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Көкшетау қаласында көшпелі отырыс өткізілді.

08.11.2024 297

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Көкшетау қаласында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Көкшетау қаласында көшпелі отырыс өткізілді.

Іс-шара Ақмола облыстық полиция департаментінде ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне арналды.

Көшпелі отырысқа Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, облыстық сот, прокуратура және полиция департаментінің басшылығы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы бойынша әзірленген кешенді шаралар талқыланды. Олар құқықтық базаны жаңғыртуға, полиция жұмысын қызмет көрсету үлгісіне көшіруге,  бірінші кезекте азаматтар қажеті көзделетін және басты мәселе адам болатын басқару үлгісін енгізуге бағытталған. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайды анықтауға және жоюға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Депутаттар қалалық ІТ мектеп лицейі мен  № 2 учаскелік полиция пунктінде болып, сонымен қатар полицияда қолданылатын бейнебақылау жүйесімен және цифрлық жобалармен танысты.

Бөлісу