Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің депутаттары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшылығымен кездесті.

Іс-шара Агенттік ғимаратында ұйымдастырылып, Сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.
Кездесуге Комитет мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшылығы мен өңірлік департаменттердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу, оларға қарсы жүргізіліп жатқан күрес шараларының тиімділігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту және осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіруді көздейтін ұсыныстар әзірледі. Әсіресе, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.