Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат делегациясының Сауд Арабиясына сапары аясында маңызды кездесулер өтті

14.04.2025 272

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің шақыруымен Эр-Рияд қаласына ресми сапармен барды. Делегация құрамында Сенат депутаттары қатысты.

Сапар аясында делегация Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед бен Ибрахим Әл-Аш-Шейхпен және Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф бен Абдельазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейхпен кездесті. Кездесулерде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, рухани дипломатияны дамыту және бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.

Ислам істері министрімен кездесуде конфессияаралық диалогты дамыту, толеранттылық пен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Сауд Арабиясында жүзеге асырылып жатқан «Neom» мегажобасының барысымен де танысты. Аталған жоба экологиялық жүктемені азайту және «жасыл» энергетиканы пайдалану мақсатында болашақ мегаполисті салуды көздейді.

Бөлісу